Биіктікке секіруден қазақстандық Кристина Овчинникова V Ислам ынтымақтық ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы 1.87 м биіктікті бағындырды.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы спортшы Қазақстанның Токиодағы ең жас олимпиадашылардың бірі болды.

Ол Түркияда және Беларусьте өткен турнирлерде жақсы өнер көрсетіп, қола және күміс жүлдегер атанған болатын.