Түркия өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Михаил Литвин Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 400 метрге жүгіру жарысында топ жарды, нәтижесі - 45,35 секундта. Жартылай финалда Михаил Қазақстан рекордын жаңартқан еді - 44,94 секунд.

Айта кетейік, Михаил Литвин 12 тамызда командалық эстафетада өнер көрсетеді.