«Каспий Ж» командасына техникалық жеңіліс есептелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Мақтаарал Ж» және «Каспий Ж» командалары арасындағы Екінші лига Біріншілігінің XVI турының ойынына аталмыш кездесуге қатысуға тыйым салынған «Каспий Ж» командасының ойыншысы М. Бекешовтың қатысқаны үшін Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен ойын нәтижесі жойылды деп хабарлайды.«Каспий Ж» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс есептелді.