Қазақстан Чемпионатының XVIII туры Сейілдә Байшақовтың құрметіне өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сейілдә Икрамұлы жамбылдық «Энергетик» пен алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосты. КСРО құрамасында Сейілда Икрамұлы Венгрия мен Грекия құрамаларына қарсы екі матч өткізді.

Алматылық «Қайрат» құрамында Байшақов 10 жылдан астам уақыт ойнап, оның капитаны болды. Жалпы алматылық клуб үшін 296 матч өткізіп, 11 гол соқты.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Сейілдә Икрамұлы «Қайратта» бапкер болып қызмет атқарып, Қазақстан футбол федерациясында әр түрлі басшылық лауазымдарды жұмыс жасады.