«Тұран» футбол клубы Бразилия ойыншысы Жоалисон Сантос Оливейрамен келісімшартқа отырғанын хабарлайды.

31 жастағы вингердің кейінгі командасы Польшаның Экстраклас лигасында бақ сынайтын «Радомяк» клубы болды.

Сондай-ақ Бразилияда «Кампиненсе», «Витория», «Рио Прета» және «Сан-Бернарду», Португалияның «Тондела», «Фреамунде», Молдованың «Зимбру», «Шериф», «Политехника», Латвияның «Вентспилс», Румынияның «Херманнштадт», «Вииторул», Бахрейннің «Әл-Риффа» командаларында доп тепкен.