Бразилия ойыншысы Қазақстан чемпионатына ауысты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Тұран» футбол клубы Бразилия ойыншысы Жоалисон Сантос Оливейрамен келісімшартқа отырғанын хабарлайды.
31 жастағы вингердің кейінгі командасы Польшаның Экстраклас лигасында бақ сынайтын «Радомяк» клубы болды.
Сондай-ақ Бразилияда «Кампиненсе», «Витория», «Рио Прета» және «Сан-Бернарду», Португалияның «Тондела», «Фреамунде», Молдованың «Зимбру», «Шериф», «Политехника», Латвияның «Вентспилс», Румынияның «Херманнштадт», «Вииторул», Бахрейннің «Әл-Риффа» командаларында доп тепкен.