«Барыс» хоккей клубы қорғаушылар Максим Минеев пен Юрий Сергиенкомен, сондай-ақ шабуылшылар Батырлан Мұратов пен Михаил Рахмановпен келісім-шарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншылармен екіжақты келісімдер бір маусымға (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін) жарамды болады.

Барлық хоккейшілер осы жазда «Барысқа» қосылып, маусым алдындағы екі турнирге қатысты.