Бұрынғы әйгілі хоккей функционері және ҚХЛ ТВ сарапшысы Леонид Вайсфельд Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Барыс» өз қатарына шетелдік қақпашыны шақырмау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

- Бояркин кейде тамаша хоккей көрсетеді, бірақ оған қарап, маусым бойы ол осылай ойнайтынына сенімім жоқ. Егер ол Қазақстан Президенті кубогындағы «Магнитогорскқа» қарсы матчтағыдай тұрақты әрекет етсе, «Барысқа» басқа қақпашылар керек емес дер едім. Әзірге мен одан ондай әлеуетті көрмеймін, дегенмен ол кейде жақсы ойын көрсетеді және бұл маған ұнайды, - деді Вайсфельд.