Атыраулық «Бейбарыс» шабуылшы Егор Зудилов пен Григорий Мищенкомен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Егор Зудилов омскілік «Авангардтың» түлегі. Өткен маусымда ол «Челны» сапында ойнады, онда ол тұрақты маусымның 40 ойынында 29 (14 гол + 15) ұпай жинады.

Григорий Мищенко 2021-2022 маусымында польшалық «Краковия» клубында өнер көрсетті. 22 кездесуде ол 16 (8+8) ұпай жинаған. Хоккейші ЖХЛ-де «Саров» пен «Сокол» командаларында ойнау тәжірибесі бар. Сонымен қатар, форвард Нижний Новгородтық «Торпедо» сапында ҚХЛ-да 17 кездесу өткізді.