Prosports.kz назарларыңызға Челябинск облысы губернаторының кубогындағы «Барыс» - «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясын ұсынады.

25 тамызда «Барыс» «Трактормен», ал 27-сінде «Металлургпен» кездеседі.

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы 1 қыркүйекте басталады.

«Барыс» алғашқы ойынын 3 қыркүйекте Минскінің «Динамосымен» өткізеді.

Бүгінгі матчтың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-ге жоспарланған, ойынды КХЛ арнасы көрсетеді.