Белгілі қазақстандық файтер Фаниль "Ноғай" Рафиков (20-6) жаңа лигада өнер көрсетеді. 28 жастағы ММА шебері Hardcore FC MMA (HFC MMA) ұйымымен жасасты.

DAR Pro Team командасының өкілі соңғы жылдары NAIZA лигасында жекпе-жектер өткізіп, жеңіл салмақта чемпион атанып үлгерді. Соңғы рет маусым айында Фарход Машраповпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан еді.