Америкалық файтер Джон Джонс 10 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 282 турнирінде өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«UFC 282», - деп жазды Джонс әлеуметтік желіде.

Бұған дейін БАҚ Джонс 10 желтоқсанда өтетін турнирде америкалық Стип Миочичпен жұдырықтасады деп хабарлаған болатын.

Осылайша, Джон үшін бұл жекпе-жек ауыр салмақ дәрежесінде бірінші болмақ.

Джон Джонс ММА-да 27 жекпе-жек өткізіп, 26 жеңіске жеткен. Соңғы рет ол сегізбұрышқа 2020 жылдың ақпан айында шығып, америкалық Доминик Рейесті жеңген болатын.