Украиналық боксшы Александр Усик британиялық Энтони Джошуаға қарсы жекпе-жек алдында ауыр салмаққа ауысуы туралы айтты.

- Меніңше, әр боксшы ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасқысы келеді. Мүмкіндігі болса міндетті түрде бағын сынап көреді, ал болмаса, ол оның арманы болып қала береді.

Мен крузервейт дәрежесінде шайқасып жүргенде, дивизионның барлық төрт белбеуін жеңіп, ауыр салмақтағы дәрежеге өтемін деп өзіме серт бергенмін. Мен сөзімде тұрдым, - дейді ол.