Коньяда (Түркия) өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының екі спортшысы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

76 келіге дейінгі салмақта Арай Нұрлыбекова 215 (94+121) келіні көтеріп, күміс жүлдегер атанды.

Айша Омарова 81 келіге дейінгі салмақта екінші орынды иеленді, ол 226 (98+128) келі салмақты еңсерді.

Фото instagram.com/drs_kz