Қазақстандық зілтемірші Өтепберген Әлиев Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Қоссайыс қорытындысы бойынша спортшы 271 (120+151) келі көрсетті.

Айта кетейік, Арли Чонтей бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.