Катарда өтетін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты жоспарланған уақыттан бір күн ерте – 20 қарашада басталады. Бұл туралы FIFA ресми сайтында хабарланды.

20 қарашада тек бір ғана матч өтеді, онда турнир қожайындары Катар құрамасы Эквадормен ойнайды.