Бразилия футбол конфедерациясының президенті Эднальдо Родригес Аргентинамен матчты қайта ойнауға қарсы екенін мәлімдеді.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матч былтыр 5 қыркүйекте өтуі қажет еді. Алайда матчтың 5-ші минутында полиция Аргентина ойыншылары коронавирус сақтық ережесі сақтамағаны үшін ойынды тоқтатты.

Екі құрама да бүгінгі таңда әлем чемпионатының жолдамасына ие. Сондықтан Бразилия тарапы бұл матчтың еш маңызы жоқ деп санайды.