11 тамызда «Тобыл» мен «Қызыл-Жар» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесулерін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы ойында екі командамыз да сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Петропавлдық «Қызыл-Жар» елордада кипрлік АПОЭЛ-ды қабылдайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сүріп, Конференция лигасында бақ сынап жатқан «Тобыл» босниялық «Зриньскимен» кездеседі. Қостанайда өтетін ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Аталған екі кездесуді де QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.