Жеңіл атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Калиде (Колумбия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz

Біздің спортшылар арасында үздік нәтижені Игорь Косолапов көрсетті. Ол биіктікке секіру жарысының финалына өтіп, 2,05 метр биіктікті бағындырып, 10-орынға ие болды.

Сондай-ақ, спортшы Ясмина Тоқсанбаева 10 000 метрге жүгіруден 36-орынды, Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруде 18-орынды иеленді. Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жүгіруде 30-орынға тұрақтады.

Фото: Оlympic.kz