Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команданы Анастасия Рыпакова қорғады. Спортшы 6,04 метрді бағындырды.

Алайда бұл нәтиже финалға жолдама алу үшін жеткіліксіз болды.

Рыпакова жарысты 18-орынмен аяқтады.

12 финалист арасында медальдар ойнатылады.