Орегонда (АҚШ) жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды.

Онда Қазақстанды таныстырғандардың соңғысы Георгий Шейко болды. Спортшы 35 шақырым қашықтықта спорттық жүрістен өнер көрсетті. Ол 2:39:47 көрсеткішімен 35-ші орынға табан тіреді.

Қазақстан командасының активінде барлығы бір медаль бар. Нора Роджер 3000 метр қашықтықта кедергілермен финалға шығып қоржынға алтын салды. Сонымен қатар финалға Каролин Чепкоеч Кипкируи (5000 метр) қашықтыққа шықты. Шешуші жарыста ол жетінші орынды жеңіп алды. Каролин Орегондағы 10000 метр қашықтықта да үздік ондықтан да табыла білді.

Биіктікке секіру финалында Надежда Дубовицкая сегізінші болды. Михаил Литвин 400 метрге жүгіруде жартылай финалға дейін жетті.