Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған Нора Джерутов журналистерге сұхбат берді.

Спортшы Африка құрлығынан келген жеңіл атлеттерден қауіптенген. Себебі олардың барлығы тез жүгіреді.

- Мен жарыс алдында Эфиопиядан келген әріптестерімнен қауіптендім. Олар да мен сияқты чемпион, сол себепті қауіп болды. Жеңіске жету үшін бар күшімді салдым, оңай болған жоқ, – дейді Джеруто.

Әлем чемпионы ата-анасына, бапкері мен менеджеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, жарысқа қатысқан апасы Дэйзиге де ерекше ризашылығын білдірді.

- Ол осы қашықтықта финалға шыға алмады. Оған айтарым, келесі жолы чемпион боласың, – деді Джеруто.

Айта кетері, 26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды. Осы межені 8:53.02 уақытта жүгіріп өтті. Сөйтіп, рекорд орнатты.