Каролин Чепкоеч Кипкируи 5000 метрге іріктеу жарысында екінші орын алып, әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америка Құрама Штаттарында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Каролин бұл қашықтықты 14:52,54-те жүгіріп өтіп, өзінің маусымдық рекордын жаңартты.

Жексенбі күні әйелдер арасында 5000 метрге финалдық жарыс өтеді.