21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Eagle FC 50 турнирінде елордалық «Tobet Top Team» командасының өкілі Сәбит Жүсіпов (11-3) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл Сәбиттің лигадағы төртінші жекпе-жегі. Кейінгі екі жекпе-жегінде Жүсіпов бразилиялық Ридельчи Лим Диасты нокаутқа түсіріп, Нұрбек Абдуқапаровты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Қазақстандықтың турнирдегі қарсыласы тәжікстандық Умиджон Мусаев (14-7) болады.