OCTAGON лигасының келесі O34 турнирінің өтетін күні жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 тамызда Алматыда OCTAGON лигасының 34-ші ивенті өтеді.

Турнирде танымал Камариддин «Камиль каратэ» Хасанов, қырғызстандық Нұрбек Болотбеков (7-2), өзбекстандық Хикматилло Абдулаев (9-1-2), ұйым чемпионы Дамир Төленов (7-0) және басқа да файтерлер өнер көрсетеді. Турнирдің толық карды, сонымен қатар кештің басты жекпе-жегі жақын арада жарияланады.

Еске салайық, 29 шілдеде OCTAGON 33 турнирі өтті. Бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова бірінші раундта Ресей чемпионы Карина Оңдасынованы (2:1) жеңген болатын. Кештің басты жекпе-жегінде Мәжит Сардаров (5-0) Нұрбек Тәжібаевты (5-2) төрешілердің шешімімен жеңіп, жеңіл салмақтағы ұйымның бос чемпиондық белбеуін жеңіп иеленді.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.