«Челси» жартылай қорғаушы Карни Чуквуемеки үшін «Астон Вилламен» келісімге келді. Бұл туралы «көктердің» Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды.

Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, мәміле бонустарды есептемегенде 15 миллион фунт стерлингті құрайды. Медициналық тексеруден өткен футболшы лондондық клубпен 6 жылға ұзақ мерзімді келісімшартқа отырмақ.

18 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда Премьер-лигада 12 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді.