EA Sports Ла Лиганың жаңа титулдық демеушісі болады, деп хабарлайды Marca.

Тараптар испандықтар жылына 30 миллион еуро алатын 5 жылдық келісімшартқа қол қойды.

Келісім келесі маусымда күшіне енеді.

Бұған дейін Ла Лиганың титулдық демеушісі Испанияның қаржылық-несиелік тобы Сантандер болатын. Онымен ынтымақтастық аясында лига жылына 17 миллион еуро алды.