«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 4-турындағы «Ақсуға» қарсы матч (1:1) туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Өте қызық жағдай болды. Бір айда «Ақсумен» 3 мәрте ойнадық. Қазір клубтың даму бағдары бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Байқасаңыздар, бүгін алаңда Вадим Ульяновтан өзгелерінің бәрі біздің клубтың түлегі немесе қазақстандық футболшылар.

Алаңға бірінші минуттан шыққан команданың орташа жасы 20-21 жас. Жас ойыншыларды дамытуды жалғастырып, оларға ойын уақытын беріп жатырмыз.Ойынға келер болсақ, қызық матч болды. Екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері көп кездесті. Бұл матчта жеңіске жете алмағанымыз өте өкінішті.