32 жастағы жартылай қорғаушы Никита Маляров «Ақтөбе» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы мен клуб келісімшартты бұзуға келісті.

Премьер-лиганың биылғы маусымында Маляров 11 матчқа қатысып, 1 гол соқты.

Айта кетейік, «Ақтөбеге» дейін Маляров бірқатар ресейлік клубта өнер көрсеткен.