«Қызылжардың» бас бапкері Әли Әлиев Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Осиекке» (2:0) қарсы ойын туралы пікірін айтты.

- Әли Ханәлиұлы, бүкіл Қазақстанды қуантқан, футбол әлемін таңғалдырған жеңісіңіз құтты болсын! Бұл кішкентай ерлік болды ма, әлде сіз үйде жеңілгеннен кейін Хорватияға көп сенім артпай бардыңыздар ма?

– Мұны белгілі бір дәрежеде эксперимент деуге болады. Командамен біз чемпионатта және Қазақстан кубогында гол сала алмай, даулы жағдайларда голдарымыз есептелмеген сәттерді талқыладық.