30 шілдеде футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 4-туры аясында «Шахтер» - «Жетісу» және «Ақтөбе» - «Тараз» матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де Қарағандыда жергілікті «Шахтер» мен талдықорғандық «Жетісу» командалары арасындағы кездесу басталады.

Елорда уақытымен сағат 21:00-де «Ақтөбе» - «Тараз» кездесуі басталады. «Ақтөбеде» әзірге бір ғана ұпай бар, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалу үшін олар үш ұпай алуы керек. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото vk.com/jetisufk