Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ойында софиялық «Левски» грекиялық ПАОК командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Конференциялар лигасы

Екінші іріктеу кезең. Қарымта матч.

Бірінші матч – 2:0.

ПАОК (Салоники, Грекия) – «Левски» (София, Болгария) – 1:1 (1:3)

Голдар: Роналдо 39 (0:1), Дантас 56 (1:1)

Айта кетейік, «Левски» командасының бас бапкері қызметін Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Станимир Стоилов атқарады.

Еске салайық, Стоилов 2014-2018 жылдар аралығында елордалық «Астананы» басқарған, содан кейін федерацияның шақыруымен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып 2019 жылға дейін жұмыс істеген.