Босния мен Герцеговинаның «Зриньски» командасы УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Тобылдың» қарсыласы атанды.«Зриньски» екінші раундта екі матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен Албанияның «Тирана» командасын жеңді.Үшінші раундтың бірінші кездесуі 4 тамызда қонақта, ал жауап матчы 11 тамызда Қостанайда өтеді.Еске сала кетейік, «Тобыл» еурокубокта «Зриньскимен» бұған дейін кездескен болатын. 2010 жылы сары-жасылдар іріктеу кезеңінде босниялықтардан 2:4 есебімен жеңіліп қалды.