«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен «Кишвардаға» қарсы қарымта матч туралы пікірін айтты. - «Кишварданы» жеңісімен құттықтаймын. Клубқа жетістікке жетуін тілеймін. Өкінішке қарай, екі ойында бірде бір доп соға алмадық. Бастапқы жоспарымызға бірінші таймдағы жарақат өзгеріс әкелді. Дегенмен әлі де дамыту керек тұстарымыз бар. Көрермендерге матч қызық болды деп ойлаймын. Екі матчта да «бірінші нөмірмен» ойнадық. Қарсыласымыз болса қарымта шабуылға иек артты. Біз гол соғатын мүмкіндіктер жасағанымызбен, соңына дейін іске асыра алмадық.