Шабуылшылар Василий мен Александр Стрельцовтар «Бейбарыс» ойыншылары атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Хоккейшілер «Автомобилист» (Екатеринбург), «Лада» (Тольятти), «Адмирал» (Владивосток) командаларында ойнаған. Сондай-ақ ВХЛ-да «Сокол» (Красноярск) және «Молот-Прикамье» (Пермь) командаларында өнер көрсеткен.

Кейінгі маусымды Польшада «Уния» командасының сапында өткізген. Василийдің еншісінде 23 кездесуде 20 (7+13) ұпай, Александрдың еншісінде 21 кездесуде 16 (6+10) ұпай бар.