Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінің қашан басталатыны белгілі болды.

Ел біріншілігіндегі алғашқы кездесу биылғы 10 қыркүйекте басталады. Онда барлығы 12 команда бақ сынайды деп күтілуде.

Біріншілік барысында «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Кұлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Снежные Барсы» және «Торпедо» сайысқа түседі. Сондай-ақ, олардың қатарына өзбестандық «Хумо» командасы қосылады.