Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет U23 және U19 спортшылары арасында Азия чемпионаты өтті. Бұл ауқымды спорттық шара сонау 2021 жылы жоспарланған болатын, бірақ тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтпеді, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа 13 елден 100-ден астам қатысушы қатысты. Олардың қатарында Жапония, Корея, Гонконг, Қытай, Қырғызстан бар.

Қазақстан атынан Дарын Қонысбаевты қосқанда 15 спортшы қатысты. Ол U23 санатында жеңіс тұғырында екінші орын алды.

19 жасқа дейінгі жарыста Жапонияның екі спортшысы алға шықты: Мако Хиразуми – 1 орын және Манами Хияши – 2 орын.

Ал «қоланы» Гонконг құрамасының спортшысы Шарлотт Холл иеленді.

Жігіттер арасынла да Жапония өкілдері ұтты: Аму Омуро мен Такуто Ошима бірінші және екінші орындарды иеленді. Жеңімпаздар қатарында қазақстандық спортшы Егор Крупяков бар.