Бүгін Текеліде маунтинбайктен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында Денис Сергиенко чемпионы атанды. Егор Карасев күміс, Темірлан Мұхамедьянов қола медальді иеленді.

Әйелдер арасында Татьяна Генелева чемпион атанып, Алина Саркулова екінші, Екатерина Степанова үшінші орын алды.

Жасөспірімдер арасында Никита Галкин үздік атанды. Константин Казаков және Константин Шинкарук екінші және үшінші орындарды иеленді.