French Football News хабарлауынша, «Наполидің» орталық қорғаушысы Калиду Кулибали «Челсиге» ауысуға жақын.

31 жастағы сенегалдық үшін «Челси» 40 миллион еуро төлеп, үш жылдық келісімшартқа отырады.

Дереккөз «көктер» Кулибали үшін таласта «Барселона» мен «ПСЖдан» озып кеткенін айтады.

Кулибалидің Наполимен келісім-шартына бар болғаны 12 ай қалды, сондықтан оның бағасы бірден екі есеге төмендеді.