Уэйн Руни MLS-те бақ сынайтын «Ди Си Юнайтед» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия құрамасының бұрынғы капитаны өзі ойыншы ретінде өнер көрсеткен клубты жаттықтырады.

Руни жұмыс визасын алғаннан кейін клубқа қосылып, бас бапкер қызметін атқарады. Оның жаттықтырушылар штабы кейінірек жарияланады.