Шабуылшы Лука Йович «Фиорентина» сапындағы алғашқы ойынында «Реал Виченца» қақпасына покер жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фиорентина» жолдастық кездесуде 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Жеңіске жеткен команда сапында Йовичтен бөлек, Нико Гонсалес, Никколо Пероцци және Джонатан Иконе да гол соқты.

Айта кетейік, Йович «Фиорентинаға» 8 шілдеде «Реал Мадрид» командасынан ауысты.