Асхат Аймағамбетов Білім министрлігінің баспасөз қызметіне берген сұхбатында футбол туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты министрліктің YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Асхат Қанатұлы Лео Мессидің талантына тәнті екенін, сондықтан ПСЖ-ға жанкүйер екенін айтты.

«Шындығында мен Барселона мен Мессиге жанкүйермін. Месси ПСЖ-ға ауысқаннан кейін мен де осы клубтың ойындарын тамашалай бастадым», - деді Білім министрі.

«Қазақстанда сүйікті клубыңыз бар ма?» деген сұраққа Аймағамбетов отандық футболды онша бақылай бермейтінін, бірақ қарағандылық «Шахтерді» қолдайтынын айтты.

Асхат Қанатұлы Қарағанды ​​облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылының тумасы.