Жартылай қорғаушы Поль Погба «Ювентусқа» оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Итальяндық клуб осы жазда «Манчестер Юнайтедтен» еркін ретінде кеткен ойыншымен 2026 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасасқанын хабарлады.

«Ювентус» баспасөз қызметінің хабарлауынша, клуб 2022 жылдың 31 тамызына дейін 2,5 миллион еуро комиссия төлеуі керек.

Фото: «Ювентус» сайтынан