Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан футзалы қайта құрылымданады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді федерацияда футзал бөлімі болмайды. Функционерлер қайтадан Қазақстан футзал қауымдастығын құрды.

Бұған дейін қауымдастық 2000-жылдардың басында және 2014-2018 жылдар аралығында жұмыс істеген.

Футзалдың жаңа басшысы қызметіне Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Мұхамеджанұлы Тайтөлеев тағайындалады. Бұған дейін футзал қауымдастығының басшысы қызметін Лев Ким атқарған.