Чемпиондар лигасының 2022/2023 жылғы негізгі кезеңіндегі «Қайрат» АФК қарсыластарының бірі, бельгиялық «Андерлехт» екі шабуылшы сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клкбтың алғашқы трансфері аргентиналық шабуылшы, 2016 жылғы әлем чемпионы Максимилиано Решиа болды. Ұлттық құрамасында 186 матч өткізген ойыншы 2022 жылы Америка кубогын да жеңіп алған.

Решиадан кейін бразилиялық шабуылшы Рафаэл Ногейра да Силва немесе жай ғана Фитс те «Андерлехт» ойыншысы атанды. Фитс Италия (60 матч, 44 гол), Португалия (117 ойын, 69 гол) және Испания (17 ойын, 13 гол) чемпионатында өнер көрсеткен.