Қазақстандық жаттықтырушы Ринат Әлеуетов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жеңіс», «Яссыға» қарсы ойын, жас вундеркинд және елордалық команданың алға қойған мақсаты жайлы айтып берді.

- Ринат Мұратұлы, «Яссыға» қарсы ойын жайлы пікіріңізді айтсаңыз. Ойыншыларыңыз гол соққан соң босаңсып кеткен секілді көрінбей ме?

- «Яссы» – физикалық тұрғыдан мықты команда, қарымта шабуылдар мен стандартты жағдайда жақсы ойнайы. Қарсыласымызды зерттеген кезде әлсіз тұстарын таптық, соның арқасында жаттығуда дайындаған екінші голымызды соқтық. Жалпы алағанда, қарсыласымызды өзінің қаруымен жеңдік.

- «Жеңіс» көп ойында соңғы минутта өз қақпасына гол жіберіп алды. Мұны немен байланыстырасыз?

- Бұл ротация жасап, мықты құрамды анықтаумен байланысты. Соның кесірінен ойыншылар бір-бірін түсінісе алмай, ойынын жоғалтып алды. Қазір бапкерлер штабы жеңіске жету үшін қандай құраммен ойнау керегін, қай ойыншыларды осы топқа қосу керегін түсінді.