Елена Рыбакин Уимблдонның финалына жолдама алған тұста-ақ британиялық журналистер ұтыс ақшасынан Ресейге салық төленетін жайлы жарыса жазды. Prosports.kz Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина сыйақысынан Ресейге қанша салық төлейтіні және

Шетелдік журналистер Елена Рыбакина не үшін сыйақысынан Ресейге салық төлейтінін түсіне алмай дал болды. Дегенмен мұны оңай түсіндіруге болады. Рыбакина Уимблдонда жеңіске жеткені үшін екі миллион фунт стерлинг (қазіргі курспен 1 330 000 000 теңге - авт.) сыйақы алды. Ұлыбританияның заңына сәйкес ұтыс ақшасының 40-45% салыққа кетеді. Бұл шамамен 900 мың фунт стерлинг. Ал қалған 1 110 000 фунт стерлингтен спортшының тұрғылықты жеріне салық төленеді. Елена төрт жылдан бері Қазақстан атынан жарысқа шығып жүргеніне қарамастан, ол Мәскеуде тұрады. Сондықтан Ресей федерациясының резиденті ретінде көрші мемлекетке салық төлеуі тиіс. Бұл ұтыстың 13% (143 мың фунт стерлинг) құрайды. Осылайша, Елена Рыбакина Уимблдондағы сыйақысынан тек 957 000 фунт стерлингті (636 405 000 теңге) өзіне алады.