Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Елена Рыбакинаның мансабын ерте аяқтауы мүмкін болғанын айтты.

- Елена 18 жасында мансабын аяқтағысы келген кезең болды. Бірақ біз оның талантын бірден байқап, қажетті уақытында қолдай білдік. Біздің тарапымыздан бұл дұрыс қабылданған шешім еді.

Біздің федерацияның сол бетбұрысты сәттегі қолдауы Еленаны биіктерге жетелей білді. Осылай жалғаса берсе, оның жарқын жеңістері алда екеніне сенемін.