Теннистен Олимпиада чемпионы, ресейлік Елена Веснина Уимблдон финалына шыққан қазақстандық Елена Рыбакинаның өнерін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Gotennis.ru сайтына сілтеме жасап.

«Біз оны жіберіп алдық, бірақ бұл оның мансабы, оның таңдауы. Ол дұрыс таңдау жасады, бұл енді оның өнер көрсетуіне және дамуына, сондай-ақ жарыстарда, сол Уимблдонда ойнауға көмектесіп жатыр. Өкінішті, әрине, ол - өте жарқын жұлдыз. Қалай болғанда да, біз Еленаға жанкүйер боламыз, ол бәрібір біздің қыз», - деп келтіреді Веснинаның сөзін «Спорт-Экспресс».

Еске салайық, Елена 1999 жылы Мәскеуде туған, бірақ 2018 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетеді. 2022 жылғы Уимблдон турнирінде Рыбакина финалға жолдама алған еді.

Уимблдон финалында Елена Рыбакинаның ойынын қашан және қайда көруге болады