русский язык
Теннис

Уимблдон финалында Елена Рыбакинаның ойынын қашан және қайда көруге болады

Уимблдон финалында Елена Рыбакинаның ойынын қашан және қайда көруге болады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде бүгін чемпиондық атақ үшін кортқа шығады.

Қазақстандық теннисшінің финалдағы қарсыласы – әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабер. Қайсысы ұтса да, бұл олардың «Үлкен дулыға» додасындағы алғашқы титулы болмақ. Финалға дейін Елена Рыбакина бір ғана сетте есе жіберді, яғни ширек финалда аустралиялық Айла Томляновичпен үш партия ойнады. Ал Онс Жабер чехиялық Мария Боузковамен және кеше германиялық Татьяна Мариямен үш сеттік кездесу өткізді.

Осыған дейін қарсыластар хард төсенішінде үш мәрте шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 2019 жылы Уханьда өткен жарыста Жаберді ұтты – 6:1, 6:7 (3:7), 6:2. Есесіне Онс 2021 жылы Дубайда (7:6 (8:6), 4:6, 6:2) және Чикагода (есеп 4:6, 2:3 болған кезде Рыбакина матчты жалғастырудан бас тартты) жеңіске жетті.

Финалдық бәсеке 9 шілде күні елорда уақытымен сағат 19:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде Сетанта Қазақстан телеарнасының Bee TV спорттық қосымшасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;